Перейти в форум
 
 

Главная страница - Новости Союза (архив)

Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез







Қазан айының 9-12 аралығында Көкшетау және Астана қалаларында «Мектеп Одиссеясы» өтті. Бұл Одиссеяға  облысымыздың  дарынды жастары жиналды.Ол математикалық және гуманитарлық бағыттарда өтті.

Алғашқы күні «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының  одағының президенті Дмитриенко Е.А және атқарушы директоры Сабирова Ж.Ж қатысуымен ашылу салтанаты өтті.

Содан кейін  тез ұзамай сабақтар да басталып кетті. Кешке қарай балалар танысып, тәлімгерлермен бірге көптеген ойындар ойнады, қалаға саяхатқа барды.

Екінші күні ғылыми- жоба бойынша Ш.Уалиханов атындағы   мемлекеттік университетінің ұстаздары, педагогика ғылымдарының  кандидаттары, доценттердің өткізілуімен  лекциялар оқытылды. Олар әр- түрлі бағытта болды: математика, биология, түрікология, әдебиет, физика, өте қызықты да әсерлі конференция өтті. Ғылыми жобаны жасаушыларға  жұмыстың орындалу мақсатын, тәртібін оқытып үйретті. Өте қызықты мәліметтер ала отырып, оның шың мәнінде жүзеге асатынын ұғамыз.Тіпті, олар өздері де жетекші бола алатын лебізін білдірді, ал бастауы бар бұлақ - ұзақ ағады.

Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университеттің ұстаздары берген сабақтар өте  жақсы өтті. Әркім өзінің білім сапасын арттыра отырып, білім қорын да толықтырып кетті. Мектеп Одисссеясы тек сабақтармен шектелмей, түрлі іс-шаралар өткізілді.

Ал, соңғы күн ең қызықты да қатысушылардың қобалжыған кезі. Себебі, бұл күні кімнің жеңімпаз аталатынын күтті. Ол сәтте жетіп қалды. Ең мықтылары қызыл сертификаттармен, ал қатысушылар ақ сертификаттармен, алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздар екінші турға жолдама алды, ол таяу уақытта өткізіледі.

Жабылу салтанаты «Жұлдыз» одағы туралы фильмнен басталып, ән-шашулармен аяқталды. Осы кеште соңғы рет өз пікірін айту мүмкіндігі болды, тәлімгерлермен өз достарымен суретке түсіп, уақыттарын жақсы өткізді. Бәріде бір жанұядай бір- біріне бауыр басып қалды. Келесі күні таңертең бір-бірімен қоштасып, үйге кетті.

Әрине, олар қоштаспайды, әлі талай-талай асу белдер бар. Мүмкін республикалық олимпиада мен жарыстарда кездесеміз, себебі бұлар елінің болашағын ойлаған дарынды азаматтар мен азаматшалар.  «Мектеп Одиссеясы» сияқты жобалар дарынды оқушылардың  ойын арттырып, логикалық бағытын байытады.

Бір сөзбен қорыта келе, осы байқау өте жақсы және ұмытылмастай өтті. Осындай дарынды балалар осы бағыттар бойынша оқып-үйреніп, еліміздің жарқын болашағы болатындығына кәміл сенемін.

Меруерт Ақанова.

Жақсы ауданының

 "Мектеп Одиссеясы" жобасының координаторы

14.10.2009

[ Вернуться к списку новостей ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2024 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кокшетау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Сайт работает при финансовой поддержке Авторской группы DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум