Перейти в форум
 
 

Главная страница - Новости Союза (архив)

Қозғалыс жас иниспекторында шекара жоқ!










Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі әрқашан маңызды міндеттердің бірі болып қалады, оны шешуге мемлекет пен қоғамның күші бағытталған.  
Бүгінгі таңда ҚЖИ қозғалысы шекара дегенді білмейді: қозғалыстың жас инспекторларының отрядтары ТМД  мемлекеттерінің көптеген жерлерінде табысты әрекет етуде. Қозғалысты дамыту ондаған жылдардағы дәстүрлермен қалыптасқан, оның бірі қозғалыстың жас инспекторларының слеттерін өткізу болып табылады, яғни ол достық және бірліктің жалпы мақсаттарына қол жеткізудің  мерекесі болмақ.
Қозғалыс жас иниспекторлары, жолда заңға мойынұсынушылық мінез-құлқы идеяларын өмірде іске асыра отырып, өзінің қатарластарына жол қозғалысы ережесін түсіндіріп, түрлі викториналар, жол  ережесін үздік білуге конкурстар өткізіп, халықаралық форумдарға қатысады.
Қозғалыстың жас инспекторларының мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларын ескерту бойынша жұмыстарды жетілдіру, сонымен қатар жол-көлік салдарынан орын алған балалардың жарақаттану проблемаларына мүдделі ведомстволардың, ұйымдардың және қоғамның назарын аударту. ҚЖИ слеттері, конкурстары жалпы білім беру процесін тереңдетуге ықпал жасайды, өсіп келе жатқан ұрпақтың мәдени деңгейіне едәуір игі әсер етеді, кішкентай азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі, балалар жол-көлік жарақатының жағдайына оң әсер етеді.
Жол қауіпсіздігі саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ тәжірбие алмасу мақсатында, 2007 жылдан бастап, ІІМ өзінің республикалық слетіне ТМД мемлекеттерінен ҚЖИ отрядтары шақырылған. Жарыстарға Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстаннан келген балалар қатысты.
Бір жағынан, Қазақстанның қозғалыс жас инспекторлары біздің  әріптестердің шақыруы бойынша Белоруссия, Ресей, Украина, Тәжікстандағы осындай конкурстарға қатысты.
Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің әкімшілік полиция комитеті ҚР білім және ғылым Министрлігімен бірлесіп қозғалыстың жас инспекторлары отрядтарының қалалық, аудандық, облыстық және Республикалық слет-конкурстарының финалдық кезеңдері өткізілуде.
XV Г.Байтасов атындағы қозғалыстың жас инспекторларының Республикалық  слеті Қостанай облысы «Мерей» балалар демалатын кешеннің базасында 2015 жылдың 10-19 шілде аралығында өтеді.
Осы жылы слетке іріктеу турында жеңімпаз болған еліміздің барлық облыстарымен Астана және Алматы қалаларының командалары, сондай-ақ Ресей, Белоруссия, Қырғызстанның ҚЖИ командалары қатысады.
Бұл іс-шаралардың ұйымдастырушысы «Жұлдыз» балалр қоғамдық бірлестігі болып табылады,  Қазақстандық республикалық слеттің жеңімпаздары жыл сайын Ресейде дәстүрлі түрде өтетін ҚЖИ-ның мемлекетаралық слетіне қатысып және бірнеше рет оның жеңімпазы болды. Осы жылы мемлекетаралық слет үстіміздегі жылдың қазан айында Анапа қаласында өтеді.
Ісшараны «Шелл Казахстан» концерні қолдап отыр, ол жыл сайын «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағымен» және әкімшілік полиция комитетімен бірге балалар жол қауіпсіздігі бойынша жобаларды өткізеді.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында біздің елдің делегациясы Белоруссияда өткен ҚЖИ слет-конкурсына қатысты. Қазақстан жас инспекторлар барлық  сынақтан абыройлы өтіп, отанына жарыстардың басты сыйлықтарын әкелді.
Бірақ мәселе орында емес, мұндай ҚЖИ Слеттері жол қозғалысы ережесінің мәселесін шешуден басқа,  маңызды жаһандық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді: олар ынтымақтастық халықтары арасында өзара түсністікті одан әрі тереңдетуге, ортақ мәдени мұраны сақтауға, ғылыми-білім мүмкіндіктерін және адамгершілік құндылықтарды сақтауға ықпал етеді.
Өмір бір орында тұрмайды. Қозғалыс жас инпекторларының қозғалыстары жаңа бағыттағы жұмыстармен молайып, одан сайын ауқымды, қызықты және пайдалы бола бастады.
«Қозғалыс жас инспекторлары» асқақ атауы бар балалар, Отанының лайықты азаматтары болып өседі, қайырымды өмір салтының, айналадағыларға сыйластық қатынаста серіктес болады, адал тәрбиелі өмір сүру идеясын насихаттайтын, қоршаған ортаға сыйлы көзқараспен қарап, бүгінгі күнде жолдарда тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндерге лайықты ұрпақ болады.

Хасанов Ермек
ҚЖИ слетінің координаторы,
Астана қ. «Жұлдыз» БҚҰО
филиалының директоры




05.07.2015

[ Вернуться к списку новостей ]







НОВЫЙ НОМЕР

№1-4 (47-50) 2016 г.

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

СЕЙЧАС
30.01.2017 - 30.11.2017
Курсы по детской хореографии и вокальному мастерству

СКОРО
28.11.2017 - 30.11.2017
Конкурс юных вокалистов и исполнителей- инструменталистов “Жулдыз приглашает друзей”

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2017 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум