Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

Жастардың жемісті бас қосуы

«Еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Үстіміздегі жылдың мамыр айының 15-17 аралығында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XV көшпелі отырысы болып өтті. Кеңесте Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы облыс әкімдерінің жауапты орынбасарларының есептері тыңдалады. Көшпелі отырыстың басты тақырыбы – жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту. Көшпелі отырысқа тиісті министрліктердің вице-министрлері, агенттіктердің төраға орынбасарлары, облыс әкімінің орынбасарлары, аймақтық департаменттер мен басқарма басшылары, жастар ұйымдарының өкілдері, жас депутаттар және жоғарыда аталған аймақтардың ресурстық орталықтарының жетекшілері қатысты. Басқосу аясында жастар саясаты мәселелері басқармаларының басшыларына, республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының өкілдеріне және ресурстық орталық жетекшілеріне арналған үнқатысу жиыны өтті. Жиынның екінші күні Орталық және жергілікті мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен «Жастарға арналған әлеуметтік лифтілер: мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеті» семинар-тренингі жүргізілді. Бұдан бөлек, кеңес мүшелері студент, оқушылар, жұмысшы және ауыл жастарымен кездесті. Осы орайда «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Бөлтірікова Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы облыстары бойынша төрайымдар, атқарушы хатшылармен бірге мамырдың 15 күні Шымкент облысының жасұландарымен, тәлімгерлерімен семинар өткізді. Семинарға келген облыс өкілдері сөз алып, ұйым төрайымы жасұландармен ашық сұрақ-жауап алысты. Көшпелі семинардың екінші күні Қызылорда, Алматы, Тараз қаласының атқарушы хатшылары облыс жасұландарымен мектепте кездесу өткізіп, оқушыларды секцияларға бөліп, түрлі тренингтер жүргізді. Нәтижесінде балалар кездесуден зор әсер алғандарын айтып, ыстық әсерлерімен бөлісіп, қонақтарға алғыстарын жеткізді.

Жалпы семинардың соңғы күнінің екінші жартысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XV пленарлық отырысында баяндамалар тыңдалып, келген жастар ұсыныстарын жеткізіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Отырыстың қорытынды сәтінде аға буын өкілдері жастарға игі тілектерін, зор үміттіерін айтып, естелікке суретке түсті.

Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы Айнұр Акимжанова.

 

Журнал "Жасstar", № 1 (35) 2013 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум