Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

«Жас Ұлан» жарқын болашағымыз

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.«Жас Ұлан»-өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.«Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.

Жастардың жан-жақты дамуына, олардың рухани, адамгершілік қасиеттерінің қоғамдық өмірде көрініс табуына ерекше мән беріп, жас жеткіншектердің тұлғалық әрі шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында игі істер атқарып, белсенділік танытып жүрген «Жас Ұлан» балалар қоғамдық ұйымы аз уақыт көлемінде ауданымызда және облыс, республикалық көлемінде көптеген істер атқарды. Арман мен еңбекті ұштастырған бұл ұйым алғашқы қадамдарын бастап кетті.

«Жас Ұлан» ұйымы алғаш құрылғанда аудан бойынша 360 үздік оқушы қабылданған болса, бүгінде 2000 мыңдай белсенді оқушымен толықты. Тәуелсіздік күніне орай тағы 500-дей оқушы мойындарына «Жас Ұланның» галстуктерін тағады.

Бүгінде, жасұландықтар көптеген игі істерге ұйытқы болуда.

Ағымдағы жылдың қараша айында «Жамбыл облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бірқатар іс-шаралар өткізді.

Атап айтар болсақ, «Болашақ жастардың қолында!» атты облыстық оқушылар арасындағы пікірсайыс турниріне Абай орта мектебінің «Болашақ» тобы, жетекшісі Қойайдаров Айдос- аталған мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі, жас ұстаз және Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Алғыр» тобы, жетекшісі Өскенбаева Гүлбану,жас болса да білімді ұстаз қатысты.

Тәлімгерлер мен оқушылар арасында шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру және дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі рухани, көркем – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен «Екі жұлдыз» облыстық байқауына М.Горький атындағы орта мектебінің тәлімгері Отарбаева Балжан мен аталған мектептің оқушысы Тоқтыбаев Шыңғыс қатысып, белсене қатысқаны үшін тәлімгер мен аудандық ұйым «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Балалар мен жасөспірімдер ұйымдары көшбасшыларының пози-тивті имидждерін қалыптастырып, балалар мен жасөспірімдер арасында азаматтық ұстанымы бар дарынды көшбасшыларды анықтау және қолдау мақсатында «Көшбасшылар лигасы» атты облыстық байқауға А.Байтұрсынов атындағы орта мектептен Сыдықова Ұлбосын, Сәмбет Дінмұхаммедали, Әбдіхалықов Бек-сұлтан, Қарақойшы Сымбат, Аман Маржан, Тілеубердиева Ақерке, яғни «Эксклюзив» тобы барып жүлделі 3-ші орын және «Ерекше команда» номинациясын, топтың басшысы Сыдық Ұлбосын арнайы дипломдармен марапатталды.Мектеп тәлімгері Жаттоева Салимат ұжымдық-шығармашылық жұмысты ұйымдастыруда, жалпы мәдени жұмыстар жүргізуде, өзінің кәсіптік білімін жетілдіріп, озық тәжірибелерді қолданады. Оқушылармен тығыз байланыста жұмыс жасай білетін тәжірибелі маман.

Тәлімгерлер арасында кәсіби шеберлік деңгейін көтеру, тәлімгер мамандығының беделін арттыру, шығармашылық ізденісте жұмыс істейтін тәлімгерлерді анықтау мақсатында «Үздік тәлімгер» атты облыстық байқауға Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің тәлімгері Мүсілімова Гүлжайна 2-ші орын алып дипломмен, аудандық үйлестіруші Тілеубаева Э.А. байқауға белсене қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.

Сонымен қатар «Жамбыл об-лыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы: даму перспективалары» тақырыбында облыстық балалар ұйымдарының жетекшілеріне, тәлімгерлер мен аудан-
дық үйлестірушілерге көшпелі курс ұйымдастырылды. Болашағы бүгіннен басталатын отансүйгіш, мәдениетті, елжанды «Жас Ұлан» ұйымының оқушыларына патриоттық бағыттағы тәрбие жұмыстарын жүргізетін тәлімгерлер мен үйлестірушілерге білімділік пен біліктілікті, кәсібилікті, шеберлікті арттыруда көшпелі курстар жүргізілді. Көшпелі курстың ұйымдастырушылары тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік кластарын, ашық сабақтар, түрлі тренингтер жүргізіп, қатысушыларға жаңаша бағыт, ерекше серпін сыйлады.

«1 желтоқсан - ҚР тұңғыш Президенті күні» мерейлі мерекесіне орай, өз тағдырларын туған елімен, еліміздің көшбасшысы Н.Назарбаевпен байланыстырған жасұландықтарға «Әскери-пат-риоттық тәрбие беру бағытында» дөңгелек үстел отырысы, «Балалар ұйымының жұмысын дамыту бағыты» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Оған аудан мектептерінің тәлімгерлері мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, үйлестірушілер қатысты. Отанға құрмет көрсетіп, туған жерге ерекше ықылас танытатын жасұландықтар «Өзіңе әлемнің есігін аш» атты экологиялық акцияда Ақтоған орта мектебі белсенділік танытты. Ғаламтор желісі арқылы облыстық «Жас қаламгер» шығармашылық байқауына Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің оқушысы Қарасаева Салтанат «Болашаққа көзқарас» тақырыбында өз жанынан туған туындысымен қатысты. Қоғамдағы түрлі тақырыптарда қалам тербеп, өз ойын жырға қосып жүрген жас қаламгерге үлкен үміт артамыз.

Өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында футболдан «Жас Ұлан» кубогы облыстық турнирге Ақбұлақ орта мектебінің оқушыларынан құралған команда қатысты.Команда жаттықтырушысы Б.К. Сарыкүшіков бастаған топ үздіктер қатарынан көріне білді.

Заманауи Қазақстанның ұлт-жанды, рухы биік, білімді, жаңашыл жасұландықтар алдағы уақытта Елбасы сенімін, ел сенімін ақтайтыны сөзсіз.

Эльзат Тілеубаева,

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, аудандық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының үйлестірушісі.

 

 

Журнал "Жасstar", № 1 (35) 2013 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум