Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Нам жить в новом мире

Отзывы по Посланию Президента Н.А. Назарбаева

 №1 Ақкөл балалар үйінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қлышева А.Т.

Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
 
 "Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті" -  деген елбасымыздың сөздері әрбір адамның жүрегіне жетті деп ойлаймын. Елбасымыз әр салаға тоқталып, мақсаттар мен міндеттерді анық көрсетіп берді. Біз білім саласында еңбек етеміз. Бізге қойған міндет әрине оңай емес, бірақ еліміздің болашағы жас ұрпақтың білімінде екенін әрбір ата-ана, ел біледі. 
 ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды делінген.
 Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру, дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет.
          Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.
 Елбасымыздың білім мен денсаулық саласына көңіл бөлінуі барлығын қуантады. Оның қарастырылмаған саласы жоқ дегім келеді.  Қазақстанның  елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы стратегия жастар үшін жасалғанын нақтылап айтты. Сондықтан осы елдің жастары бар білім өнерімізді ашып көрсетіп, елімізге пайдамызды әкелетін заман жетті деп ойлаймын. Қуатты ел болу аталарымыз аңсаған еді. Ендеше,  Отан үшін жан пида болған ата-бабаларымыз үшін қайрат-жігерімізді қолға алып, еңбектенейік.             
 Елдің болашағын барша қазақстандықтармен бірге жасайық!
 Бірігіп адам сенбейтін жақсы игі істерді жасауға ұмтылайық!

Журнал "Жасstar", № 1 (39) 2014 2014 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум