Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Слово ученому

Мүшел жыл санағы жәе мүшелдік Жылқы жылы

 М.М.Ақмырзаев, өлкетанушы, «Адай уезінің жазба мұралары» монографиясы авторы

 «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек... Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз... Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық...» Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауынан 
 Адамзат есеюі тарихи кезеңдерінің бастауының өзінде, Табиғи ортамен үйлесімді тіршілік ете білген адам қауымдарына санасыздық емес, Жаратылысты біртұтас тән мен жанның, сезім мен ақылдың көрінісі деп танып, Бір Тәңір Иеге сиыну философиясы өмір бағдары болған. Солардың бірі және әлемдік тарихи танымнан өз орынын ойып алуға тиісті ілімі «ДАЛАЛЫҚ МҮШЕЛ ЖЫЛ САНАУЫ». Ол, алғаш (Asie - АсИе) өркениеті, кейін Түркі жұрты көшпелілері мыңжылдық тәртіппен қайталанатын (циклді) табиғи өзгерістерді бақылаулары мен пайымдаулары қорытындысы бойынша тұрақты пайдалануға енгізген және жемісті қолданған ғаламдық болжау жүйесі. 
 Жыл санағы жүйесінің озалдан түркілік таным негізінде қалыптасқандығында дәлел келтіре аламыз ба?  Оның ғылыми қағидалық дәлелдері төмендегідей: 
 1. Біріншісі еркек және ұрғашы бастамалар жұбының ажырамас біртұтастығы. Түркі көшпелілеріне жұптылық таным ежелден етене. Оның күн-түн, ақ-қара сияқты өзара ажыратылмайтын қайшылығы мен бірлігі далалықтардың өмірлік философиясы.  Олай болса, мүшел жыл санауының негізіне алынған жұптылық принципі біздің ата-бабамыздың өркениетке қосқан зор үлесі дей аламыз. Қазақта екі түрлі жыныстың жұптасуы парыз, еркек пен әйелді қосу сауап саналады. Тіпті тәуіптер аналық өнімдер: қарбыз бен жұмыртқаны, емдік шөптердің тұқымдарын, минералдық тастардың өзін еркек және ұрғашы деп ажыратып, ер адамға ұрғашы бастамалы, әйелдерге еркек бастамалы ем тағайындайды. Физикадағы аттас зарядтар бірін-бірі тебетіндігі сияқты дәрі бойға дарып, тәнге ем қонуы үшін ауру мен дәр-дәрмақ қарсы зарядты болуы керек. 
 Есепшілер ұрғашы бастамалы жылдарда табиғат адазатына  Аналық жылы қабақпен, қамқор көңілмен қарайтындығын байқаған. Сондықтан да түрлі діндерде дыбыстық естілуі әртүрлі бірақ ұйқасы тұтас Адам Атаның жұбы – "Ауа Ана" атауы таза түркілік ұғым. Кәдімгі аспанға түпсіз көк түсін беріп тұрған ауа, түсіне алсақ тынысымызды ашып маңдайымыздан сипап өтетін самал, мойындаудан бас тартсақ ыққа қуып тығатын боран, тамырыңды үзіп қаңбақша домалататын дауыл.  
 Мүшелдегі сиыр, қоян, жылқы, қой, тауық, доңыз – ұрғашы бастама өкілдері.  Сондықтан осы жылдардың өзге тілдердегі атаулары ұрғашы түрінде ғана болуға тиісті. Мысалы орыс тілінде: корова, зайчиха, лошадь, баран, курица, свинья түрінде ғана аударылуға міндетті. Сонда ғана жылға жасалатын жұлдыз жорамалдар жобаға келмек, сөйтіп бұл жылдардың ықтимал өнімділігін, жылылығын және қолайлылығын арқау етіп алуы қажет. Ақниет пен үміт адам амалдарының алдында жанған шырақ екендігін жорамалшы да, емші де, балгер де естен шығармауға тиісті. 
 Қалған алтауы еркек бастама өкілдері: тышқан, барыс, ұлу, жылан, мешін, ит. 
 2. Екіншіден, 12 жыл иесінің арам және адал (аюандық-малдық) болып жұптастыра құрастырылғандығы да осы философияның нақты көрінісі Даланың қолға үйретуге көнбейтін аңдары және қолға ұстауға көнетін малының әрбір тылсым ішінде тұрақты жұп құрайтындығы. Мүшелдегі сиыр, қоян, жылқы, қой, тауық, доңыз – қолға үйренетін, төлшіл, тағамдыққа жарамды, яғни адал жануарлар. Қалған алтауы дала жануарлары. Бұл топтағы доңыз, қамыс қоғалы жерде шөппен қоректеніп өсіп, қолға үйретілген жануар ретінде, мүшел санағының мұсылман дәуірінен әлдеқайда бұрын қалыптасқандығын көрсетеді. 
 7-суртте төртінші және бесінші адал және арам жұптарының сәйкессіздігі қатар тұрған VІ және VІІ жылан мен жылқының орын ауыстыруы Шыңғысханның қатар тұрған екі «Ж» әрпі берген мүмкіндікті, жауынгер бастамалы күш-қуат иесі мол жылда жорық бастау үшін, алмастырғанымен түсіндіріледі. Жылқы менжыланның суреттегі орыны алмастырылса екі жұптастық заңдылығы орынына келер еді. Дегенмен осы қатынасты қалпына келтіруді барша ұрпақтары, талқылап, ортақ келісіммен шешкені жөн болар.  Егер өткен 2013 жыл жемістеріне сараптама жасасақ оның көпшілігі жылқы мінезді болғаны ойға оралады. Келер жылды «Жылан жылы» деп қабылдасақ та, көгімізде тұрған алып «Айдаһар» шоқжұлдызы өкілі, қазақ кие санайтын Майсара, қазақ елін «Мәңгілік ел» ретінде әлем тануына аналық қамқорлық жасары сөзсіз. 
 3. Өзге жылсанауларда жылдар мен олардың ондығы алмасуы төрт тылсымға негізделеді. Олар жазықтық өлшемдегі  жер бетіндегі төрт бағдар ғана. Ал, көшпелілер, барлық уақытта темірқазық жұлдызын көктегі бағдар басы деп танығандықтан, Мүшел жылсанағы кеңістік-көлемдік бағдарлауға құрылған. Бұл негіз көрінісі ежелгі Майя күнтізбесі суретінде сақталған. Ондағы бес тылсым бояуы далалық көшпенділер ұғымына толық сәйкес келеді. 
 Адам баласы үшін негізгі мекен Жер. Ондағы тіршілік тынысының негізінен темірқазыққа тәуелділігі көшпелілер сенім-нанымында баба заманнан басшылыққа алынған. Ғаламдық кеңістік заңдылығына құрылған бұл таным Мүшел жылсанағын басшылыққа алған аталарымыздың нағыз көреген өркениет ғылымы бастауында болғандығы дәлелі. 
 Көшпелілер мәдениеті қалыптасуының негізі  мал шаруашылығын жүргізу болғандықтан, олардың алғашқы қадамы көш көліктерін қолға үйретуден басталғаны анық. Әрине оның алғашқысы тарпаң үйірі. Ол тұжырым: «Энеолит дәуірінде Қазақстан территориясында жылқыны қолға үйрету және топтап бағу жүзеге асқан, бұл Солтүстік Қазақстан территориясындағы археологиялық қазбалардан белгілі (Ботай мәдениеті). Ботайлықтар-Еуразия өніріндегі алғашқы жылқы өсірушілер. Жайық-Ертіс арасындағы энеолиттік қоныстардан орасан көп жылқы сүйектері табылды» деп мойындалған. Осы сияқты ежелгі артефактілердің бірі Маңғыстау петроглифтерінде  бар. Қуғыншының сәйгүлігінің мойынын соза шабуына қараған да ол биікке өрлеп келеді. Қуғаны архар және қолында қамшы. Соған қарағанда қолға тұрған архар қошқарының өз тауына қашқаны тәрізді. Дегенмен алғашқы ШОПАН Аталардың бірі оған қуып жетіп, кейін қайтаратынына сенімді, «малын» «р-хайттап» айқай сап келеді. Шыңылтыр қаратасқа бәдізделген архар қошқарының мүсіндік бейнесі келесі суретте. 
 Көшпелілер арасында қызы мен келініне пәранжы жаппаған қазақ даласында олардың зиятты жылқыға құрметінің айғағы ат әбзелдері құнының қыз жасауына тең болғандығы. Сондықтан биылғы көк аспан текті жылқы жылы «Мәңгілік ел» пырағы ретінде қайырым киесі болмағы күмәнсіз. 
 Өскінбай Қалмамбетұлының «Маңғыстау» жырында жыл киелері туралы төмендегідей жолдар бар. 
«Бүйірбасы, Күрпі тау, Дүлдүл-Ата әулие», 
Кереметін қарасаң, тастан соққан бар түйе!» 
 Бұл екі жолдағы «Дүлділ-Ата», келер жыл пірі «Қамбар-Атаның» cинонимі де, тас түйе «Мүшел жыл санауының» өзі. Қарттар бала кезден жаттап өскен, жаңа жыл туралы аңыздың тоқетері, «Түйе Сеніп Бойына, Қалған Ұмыт Жылдардан. Жатпа Қарап Мойыма. Тұрма Именіп Ділмардан» дейді. 
 Тамашасы: бұл ұйқастағы әрбір сөздің бас әрпі мүшел жылдары атауын еске салатын сілтеме:  Т-Tышқан, С-Cиыр, Б-Барыс, Қ-Қой, Ұ-Ұлу, Ж-Жылан, Ж-Жылқы, Қ-Қой, М-Мешін, Т-Тауық, И-Ит, Д-Доңыз. Одан да кереметі: «Т» әрпі шешімі «Тышқан» және «Тұтас мүшел» бейнесі. 
 Дәлел: 
 1. Түйенің  12 мүшесі, бүкіл дей-түркі ұрпағының әлем мінезін жануар мінезіне жинақтағандығы. Жыл аттарын белгілеген әрбір жануардың ерекше белгілері түйе төресі үлек бойында көрініс тапқан. «Түйе басына шығып, жылды көретін қу тышқан биігінде» - «Тышқан құлақ» орналасқан. Одан әрі - Сиырда – құрсақ; Барыста –апайтөс омырау; Қоянда – ерін; Ұлуда - өркеш; Жыланда – мойын; Жылқыда – көз бен жал; Қойда – қара жон; Мешінде – шондан; Тауықта – айдар; Итте – бура сан; Доңызда – құйыршық. Салыстыра қараңыз. 
 2. Осы жануарлардың барлығының баршасы түркілік аймақта, соның ішінде жаңа жылдағы әрекет басын «Амал» атап, 14 наурызда үш күн тойлайтын Арал-Каспий аралығында да тіршілік еткендігі. 
 3. Мүшел жылсанағындағы түйенің жиынтық бейне екендігіне тағы бір Маңғыстаулық артефакт Айрақтыда тасқа қашалған петроглиф. Онда  түстік тылсымдар алмасуына сәйкес қайталанатын бес мүшел бірінен бірі туындайды. 
 Әр мүшелдің өз кезегінде сол мүшелге бастама беретін және қорытындылайтын негізгі түсі (тылсымы)  болады және ол алпыс жылда бір қайталанады. 
 Мысалы, биыл енетін көк жұпты еркек бастамалы жылқы жылы сары түсті тылсым иелік ететін он екі жылдық күн жылуы иелігінде. Берілген бес түстен: қара – батыс және тірлік бесігі қабаты қалың, қара жердің өзі, көк – темірқазыққа байланған көк жалау ғарыш пен көктем тылсымы, қызыл – шығыс, алғаш таң қызарып саз бере көрінетін алаулаған Күннің от жалыны, сары – оңтүстік, күннің жайлы жылуы, алтынмен  піскен дән түсі, ақ – cолтүстік, ақ қар мен мұз, ызғар мен суық. Қазақ елі сенімінің озалдан тұтастығы оларды қолайлы үйлесіммен қорғайтын бұл түстер көшпелілер киіз үйін көркемдейтін текеметте, ораулы шиде, жүзтеру басқұр мен бауларда қатар қолданылады, және бірі – екіншісін ашып тұрады. 
 Биылғы жылқы жылының сары+көк тылсыммен қайталануы 1954 жылдың науырызында, 60*5 = 300 жыл бұрын 1714 жылы өтті. Сондықтан 2014 жылы дүниеге келетіндер немесе мүшел жасын тойлайтындар - қазақта «түйдей құрдас» (түйедей) аталатын, өзара тым ұқсас, сырлас, тағдырлас ұлы аталарын сол жылдар қатпарынан іздеу керек.  
 Жоғарыда айтылған наурыздың от төртінде кіретін жаңа «Амалы», жиырма екісінде кіретін «Жылқы» жылы қазақ күнтізбесіндегі «Түн мен Күннің» тәуліктік жұбының сырын ашуға көмектеседі. Көшпелілер жанына жақын, айлық (Айлы түн) өлшемі мен оның он екі еселік жылдық (Жарық Күн) қозғалыс ерекшеліктерін барша үйлестігімен танып білген. 
 Жалпы көшпеллілердің табиғатты жан-жақты түсіну және қадеге жарату құралы - мүшел жылсанағы. Ол қашан пайда болған десек, оны тұтас тану, пайдаланалу үшін адамзат әуелі түз аңының, кейін қолға үйретілген ақ адал малының мінез-құлқын өте терең сезіне, түйсіне алу уақытын анықтауымыз қажет. Ғаламдық үйлесім мәдениеті мүшел есебі деңгейіне жету үшін миллиондаған жылдар кеткені, яғни олардың өркениеті бұдан миллиондаған жылдар бұрын өткені даусыз. 
 Ал, сол бағзы заманнан көшпелі ата-бабаларымыздың бізге жыл мінезін ерте түсіну үшін қалдырған мұрасы «Мүшел жылсанағы» тек құрметтеу емес оның қыр-сырын толық тануды, оны әлемге танытуды талап етеді. 
 Бұл уақыт мерзімі туралы география, мифология негізінде көрілмес және көрінерлік жаратылыс танушы Серікбол ҚОНДЫБАЙ өзі ұсынған әлемдік танымның жаңа тұғырнамасында (парадигма): "Ай –палеолит, жалпы тас ғасырының адам танымының аса маңызды нысаны, ол ежелгі адамдардың мифтік комплексінде ұзақ уақыт бойынша үстемдік құрды. Бұл – Ай культінің заманы" («Арғықазақ мифологиясы», 2 кітап. 14-бетте), - деп көрсетеді. Маңғыстаудың тас ғасырында  тастан шекілген тұрмыстық және қару құралдары, аң аулаудың тастан қаланған, үшкір тастармен жебеленген арандары, таста бәдізделген петроглифтері мен аңды қолға үйрету суреттері, алуан түрлі таңбалары да мұндағы саналы баба тіршілігінің тас ғасырынан бері бар екендігін дәлелдеп, туған айға «Ай көрдім, аман көрдім» деп сәлемдесуі, қызылға батар күн және аймен ұшықтауы, айға сүйел көрсетуі сияқты амалдарының ежелден қолданыста болғандығы көшпелілер «Ай культінің заманын”  өз басынан өткергендігін айғақтайды. 
 Күн дөңгелегінің белдеуінай-айлап қонақтайтын 12 шоқжұлдыз белдеуін Серікболдың «Айгөлек (зодиак)» атауы да, көшпелілерге бала күнінен етене ұғым. 
 Егер өмірді аймен өлшеуді ата-бабамыз тас ғасырынан бастады десек, «Ғұмырлық өлшемді» Күн қозғалысының ырғағына көшіру уақыты туралы Серікбол: “Энеолит, қола ғасырында, б.з.д. 3-2 жыңжылдықтарда Күн Аймен теңесіп қана қоймай, оның алдына шығып, жетекші мифтік нысандардың біріне айналды.  Бұл кезеңді - Күн культінің заманы деп есептеуге болады», - дейді (сонда). Маңғыстау тарихи-мәдени қола заманы жәдігерліктерінің (қола үзеңгі, ауыздық, белбеу мен тартпа тоғалары, «Жездібас» қола балқыту, құю көрік төбесі, жез жебелердің толық коллекциясы), ең бастысы сол атам заманның қола дәуірімен даталанған Бәйті, Тоқсанбай, Қызыл қала кешендерінің отаны, мүшел жылсанауы отаны көшпелілер ареалы екендігін - Ақиқат тұжырым деп тануға іргетас бола алады!!!
 Алдарыңыздағы суреттің тамаша көрінісін Аталарымыз ежелден «Күн» таңба (сәуле, нұр, жылу символы), «Көз» таңба (жарық, көріп қабылдау, тану символы), «Табақ» таңба (энергия қоры қоймасы символы) деп атаған және ол таңбалар күллі әлемде көшпелілердің ат тұяғы тиген барлық өлкеде бар. 
 Ал, оның бір пұшпағы Маңғыстауда сақталған «Күн» таңбаларының тағы бір аса маңызды ерекшелігі көзінен күн көрінетін тесік «Күн таңба» (Сурет 9. – Ойма Күн таңба). Әдетте, шығыстан батысқа бағытталған қос белгі таста қатар кездеседі және екі тастың бірінің үстінде кезелген арнаулы нысана болады. Аңысы, бұл қос тас, Күн мен Түннің теңесетін сәтіндегі сәулені «көздеп», жарық пен қараңғының теңесу сәулесін анықтау, яғни жыл басын астрономиялық дәлдеу құралы. 
 Күн таңбаларының барлық бейнесі шоғырланған Маңғыстау таңбалы тастары, оны мекендеген елдің есепшілерінің «Күн культі» заманында жылсанаудың мүшелдік жүйесі болмысын танып, оны өз тіршілігін табиғатпен үйлесімді құруда басшылыққа алғандығына дәлел. 
 Қолданыста жүрген сөздіктер "амал" сөзін арабтың һамал сөзінен таратады. Бұл жаңсақ пікір. Дәл осы ай атауы ретіндегі амал таза дейтүркі ұғымын жеткізетін сөз. Ол кәдуілгі күнделікті тіршілік іс-әрекетінің амалы. Есептедегі "қосу", "алу", "көбейту", "бөлу" амалдары сияқты, жаңа ай туғанымен Күн мен Түн теңесуіне бағынышты кешеуілдеп енетін жаңа жылға дайындық амалы, жылға азық болар көктемгі төл алу, егін салуды бастау, көші қон тәртібін есептеу амалы. Назарларыңызға бұл тұжырымға дәлел, рет-ретімен жасалатын амалдар тәртібін ұсыналық:
 І амал. Амал айының 13-і қазақ жұрты жасайтын бірінші амал–ошаққа оралу амалы, өлілерді құрметтеу, түркі жұрты санасында ерекше таңбаланып, жадына шегеленіп қалған қастерлі ұғым - "ШЕКТІК" деп аталады. Бұл атау кейін, ислам әдебіне қажылықтың соңғы күні Арафат тауына шығып жасалатын «арафа» болып енген. Арафа қажылық мерзіміндегі тазарудан соң қайта басталатын пенделік тәубеден соңғы жаңа ғұмыр белесіне өтер шектік сызығындағы ниет жасау рәсімі. Алла алдында қателіктеріне кешірім сұрау, кел күнге ақ ниетпен өту ишарасы. Бұл фаниден бақиға аттанатын әр пенденің  алдында қыл көпір-ішек және шек бар екендігін еске салу. Ал амал – жазмышта тірлік несіп болған жаңа жылға өтер алдында шекті белгіден жүректі тазартып өтуге берілген уақыт.
 «Шектік» жиыны алыс-жақын туысқандар, құда-жекжат, нағашы-жиеннің ауылбасы ақсақал қары үйінің шаңырағына жиналуынан, бақилықтарға арналып иіс беруі, жаны садақа етілген малынан дәм татуы және дұға бағыштаумын атқарылады. Таң саз берген соң барлық отбасында үш күн бойы жиылмайтын амал дастарханы дайындығы басталады. Ол дастарханға сүрленіп сақталған алуан түрлі ет және сүт тағамдары, шұбат пен қымыз, қатық пен айран қойылады. Кереге басына тартылған кермеге қымбат аң терілері және олардан тігілген жағалы киімдер, келін мен қыз жасауы ілінеді. 
 ІІ амал. «Сәлем сөздің атасы», тән тазалығын сақтаудың нақты шарты мен әдебі, бірақ күнде қол алысу болмаған. Сол заманнан тек қана амалда үш күндік "КӨРІСУ" салтанаты дағдыға сіңген. 
 Амалдың таңында көрісу сағат алтыда үй ішінде кішінің үлкенге жас ретімен қол алысып көрісуінен басталады. Таң саз бере «амалдың ақша қары» үстіне түсетін бірінші сүрлеу торабы сол ауылдағы  ең жасы үлкен, сыйлы ақсақал үйіне апарады.
 Өмірдің ащы–тұщысын бірге өткізген кексе әйелдердің көрісу әрекеті ерекше: қол қолдасып амандасқаннан кейін жүрекке–жүрек, оң жаққа–оң жақты түйістіре айқара құшақтасып барып төске–төс соғыстырылады. Жол тоғыстарында жолығысқан топтар жамырай көрісіп, өзара жолдық сұрасады. Амалға қарсы ұнатқан құрбысына арналып кестеленген, моншақ төгіп әдіптелген бет орамал осы күні иесін табады. Жеңгелер "Аш қалта", деп, қайын мен қайын сіңлі қалтасын тексереді. Жігіт қалтасына жеңгесі арқылы жолданған хабаршыла сүңгіп кетеді. Үлкендер алдындағы міндетін орындаған жастар, тең-теңімен бағланы балқыған бір дастархан басында тоқайласып, мерекелік ән мен күйге, ойын–сауыққа бөленеді. Дарқан ДАЛА елінің көш салтанатынан соңғы, жаңа жыл алдындағы көңілді дүрмегі АМАЛ. 
 Сағат алты - мал жайлау уақытына дейін қырық үйдің есігін ашу шарты. Өз үйімен қырық бір болатын бұл есеп «Қырықтың бірі - Қыдыр», осы алғашқы амал күні әрбір үйге Қыдыр енсін, бақ-береке қонсын деген талап. 
 Әрбір үйге енген көрісуші үлкендерге қолдасып көрісіп, жайылған дәмнен ауыз тиеді де ары қарай парызын орындауды жалғастырады. 
 Осы көрісуден соң дала ұлдарының қол алысып амандасуы - кең даланың денсаулықты қорғау, өзгеге лас жұқтырмау Заңын мойындамау белгісі. 
 Амалдың үш күнінде өзінен жасы үлкендерге толық көрісіп болу барша пендеге парыз. Амал күндері - кешірім мен бейбітшілік уақыты, қандай жанжал болса да тоқтатылады, ұрыс-керіс тиылады, ренжіскен пенделер бір-бірімен табысады. 
 Осы үш күнде шалғайдан жете алмаған ағайын наурыз айы ішінде арнап келіп көріспесе - әдептен асқандық. Осы көрісу кезінде жаңа жылдық 40-50 тәуліктік мал төлдету, жайлауға шығып, қыстауға оралудың барша көші-қон уақыты, топтасу тәртібі, көш ерулейтін орындар мен құдықтар бекітіледі, тыныстау орны тиянақталады. Себебі оңтүстіктен, жыл құсындай терістікке өрлеген көшпелілер жолай тек қана көк қуып жайқалған малымен 1 мамырдан 9-шілдеге дейін қыстау мен жайлау жер ортасындағы жәрмеңкеге жетіп ет, сүт, жүн, тері өнімдерін саудаға салады. Содан соң қажет бұйымдарын биылғы төл және тоқты, тұсақтарымен ары қарай салқын самиян орманды-далалық өлкеге асады. Күзде Сарытау мен Оралтау етегінен, Арқадан, Ібір-Сібірден ендей қайта оралған көшпелілер 1-қазаннан 1-қарашаға дейінгі тағы да жәрмеңкелерге түседі. Бұл жолғы мал жолында жайқалып піскен шалғынды шарлап жайылады. Мал қыстауға жеткен елдің той сыбағасы болуға, күзгі күйекке дайын болып оралады. Осы шаруалардың оңынан оралуы амал кезіндегі жоспар негізінде ғана іске асады. 
 ІІІ амал. Үш күнгі көрісу амалынан соң есепшілер мен ауыл мұрындық ағаларының «Бес қонақты» (көктем қонақ, жаз қонақ, күз қонақ, қыс қонақ және жыл қонақ) қатаң бақылауы басталады. «Бес қонақ әлемді меңгеріп тұрған бес тылсымның өз нышанын түсінер жандарға беру уақыты. Осы бес күннің мінез құлқын бақылаған билер, ақсақалдар, есепшілер мен сәуегейлер өз жоруын келген жыл тылсымдарымен салыстырып шаруашылықты жүргізу тәртібіне болжам жасайды. Бес қонақтан соңғы шаруашылық жүргізу тұжырымы  арнайы кеңесте шешіледі. Кеңес шешімі баршаға жарияланып, оны орындау пәрмен күшіне ие болады. 
 ІV амал. Күн мен түннің теңесу сәтінен өткенін таңғы сәуленің күн таңбадан өту уақыты және түсу ұзындығы арқылы дәлденеді. 
 V амал. 22 наурызда  ұлыстың ұлы тойы басталады.
Биылғы амалдарың қайырлы да зайырлы, жылдарыңыз құт-берекелі болсын! Қазақ даласында адам қолына үйреніп, ер қанаты болған Жылқы жылында тілегі қабыл, мал-жаны аман, әлем таныған, бай да бақуатты «Мәңгілік ел»  көшіне енейік!

Журнал "Жасstar", № 1 (39) 2014 2014 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум