Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Ласточка

Куаныш Махметов

 Еңбектің жемісін көру – бақыт. Олай болса, біліммен сусындатып, тәрбие беріп отырған шәкіртіңнің биік белестерден көрінуі – ұстаз еңбегінің жемісі. Бүгінгі шәкірт – елдің ертеңі. Ендеше, оның білімді, жан – жақты, парасатты болғаны қажет. Осындай ізденімпаз, білімді, қайрат пен жігерге толы шәкірттің бірі- Махметов Қуаныш. Қуаныш сабағын ғана 5-ке оқып қоймай, барлық қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық байқауларға да қатысып, жүлделі орын иегері де атанды. Бос уақытында өлең шығарғанды ұнатады. Түрлі тақырыпта жазылған өлеңдері газет беттерінен де жарық көруде. Өлеңді тек қана шығарып қана қоймай, нақышына келтіріп айту өнері де бар. Бұған дәлел мәнерлеп оқу сайыстарындағы жүлделі орындары Абай, Шәкәрім оқуларының жеңімпазы болса, биыл республикалық «Ұлан» балалар мен жасөспірімдер газеті және әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Журналист болғың келе ме?» атты республикалық оқушылардың шығармашылық байқауының жеңімпазы атанып, Алматы қаласында ұйымдастырылған жас тілшілер форумына қатысып келді. Шығармашыл, талапты, ізденімпаз Қуаныштың келешегінен зор үміт күтеміз. Алдағы уақытта үздік аттестат алып, ұстаздар сенімін ақтайды деген сенімдеміз. 
• «Абай оқулары» Степногорск қаласы 
2008 жылы ІІ орын 
2009 жылы ІІ орын 
2010 жылы ІІ орын 
2011 жылы І орын 
• «Абай оқулары» 2011 жылы лауреат атағы Көкшетау қаласы 
• «Жас батыр 2009» 2009 жылы І орын Бестөбе кенті 
• «Жас батыр 2009» 2009 жылы І орын Степногорск қаласы 
• «Жас батыр 2010» 2010 жылы лауреат атағы Көкшетау қаласы 
• «Алтын қалам 2011» 2011 жылы ІІорын Степногорск қаласы 
• «Жыл оқушысы - 2011» 2011 жыл 
• Физикадан мектепішілік олимпиада ІІ орын 
* «Абылай хан 300 жылдығы» ғылыми – практикалық конференция ІІІ орын Степногорск қаласы 
* 03.12.11 жылдан бастап Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшесі 
* 2011-2012 оқу жылы республикалық «Балдаурен». Республикалық «Абай оқулары» І орын. 

О, туған жер! 
Бестөбе туған жерім, туған елім 
Осы елде алғашқы рет тәй – тәй бастым 
Бақытты балалығым бір өзінде 
Білмеймін өңдірісті бұдан асқан 

Бестөбе бес төбелі алтын тауым 
Байлығы мол халқымызға 
Бестөбе ыстық маған туған жерім 
Әр адамға ашық тұр кен есігің. 

Асыл өлкем Қазақстан
Аспаны ашық, елі тыныш 
Атыңнан сенің, айналдым 
Бар ғаламнан, асып – озған, 
Асыл өлкем, Қазақстан! 
Жерің байтақ, елің де думан 
Бүгін,міне, жиырма жас 
Ата - баба ансаған 
Тойлап жатыр, кәрі - жас әрі балаң. 
Желбіреп, жетіле берсін, туың бүгін 
Әлемде шырқалсын, әнұраның 
Терезең тең болғай өзгелермен 
Асыл өлкем, Қазақстан 

Елбасы
Жұрттың арқа сүйері 
Азаматы бұл кісі 
Тұлпарларды, тұғырларды 
Бағындырған бұл кісі 
Сізбен бізді қанаттандырып 
Халқына нәр ақтарған 
Елбасы болашаққа сеніммен 
Жастардың жігер отын жандырған 
Өсіңіз, жетіліңіз, асқақтаңыз 
Біздің ой сізбен бірге біріккен 
Бәріміз бір шаңырақтың астындамыз 
Халқың сенің, әділеттен жаратылған 
Бар ғаламға, әлемге ортақ санатқан 
Назарбаев Әбішұлы Нұрсұлтан!!!

Ата рухына
Е, ата, немеріңді көрмедің бе? 
«Келші балам»,- менің деп 
Бетімнен менің, сүймедің бе? 
Мына жалған дүниеде 
Екеуміз кездеспедік, 
Сен ерте жаптың 
Бұл дүниенің есігін. 
Сенің ата бейнеңді, 
Көрдім мен тек ғана 
Ілініп тұрған, үйдегі 
Ескі бір суреттен 
Алдымда дәптер жатыр, 
Он екі парағымен 
Мінеки бүгін мен алдым, 
Қолыма алтын қаламды. 
Саған арнап әр шумақты 
Шын көңілмен жазамын мен. 
Сенен ұрпақ жалғар 
Асыл немерең мен болам 
Әкемнің жалғыз тұяғы, 
Атажан, кеттің тым алысқа 
Жазбаған екен, бұл тағдырда кездесу 
Енді екеуміз жолығармыз 
О дүниенің тағдырында.  

Әкешім асыл жан! 
Жанын ашып, жабырқаған сәтте, 
Әкешім ардайым қасымда 
Мейірін берер мұңайғанда 
Жасымды сүртер, ол расыңда. 

Ақыл сұрар адамым бар 
Пеңделіктің алдында бас ұрмаймын 
Мүлде бөлек, бір мән бар, осы жанда 
Қарапайымдылық көрінеді асылданда 

Бір мінезі бар, көкке биік өрлеген 
Батылдық, шыңдықты тек қолдаған 
Сабыр ету, тоқтау қылу, шеше білу 
Тағдыр бұл кісіге молынан жолдаған 

Ағайын туысты бірдей көрген 
Ізінен үнемі өнеге ерген 
Әкешім айтылмаған сезім ен 
Мен іздеген адам сен өзімен? 

Жүзінен неге мұң атады 
Әкем-ау қайтсемде сені жұбатамын 
Кеңесіне қарайын ақылына 
Керегі бар ойыңның ақырыма. 

«Тыңда ұлым, тыңда қызым»- деп 
Әке бізге ақыл - ой, сана берді. 
Жүргені барды жоқ қып, жоқты бар ғып 
Қиын сәтте, арпалысқан бей уақытта. 

Әкедей қайырымды жан табылмас, 
Арманда, әке, жақсылықты арманда 
Қыз бен ұлың өтейді бар еңбегіңді 
Жанымызда бол жаратылған тағдырда. 

Жүрегім, жүйкем бар және туған да. 
Әкешім, айныма осы қалпыңнан, 
Жетермін өзіңмен аңсар арманға! 

Анашым
Шығардым бүгін өлеңімді 
Арнап өзімнің анашыма. 
Ана, мен сізді жақсы көремін 
Сізбен бірге, көңілім хош тұрады. 

Ана, сіздің күлкіңіз ыстық маған 
Әрқашан сырымды өзіңе ақтарам 
Түн ұйқыңды, төрт бөліп 
Әлдилеп, өсірдің кеше – бүгін. 

Жақсылыққа үйретіп, жамандықтан бездірген 
Анашым айналайын өзіңнен, 
Күнде, түнде ақ сүтіңнен емізіп ең 
Анажан өмірімнің мәнісі сен. 

Қарындасым
Қылығы балдай тәтті, 
Үйдің ғой еркесі 
Ақ қанат қуанышы 
Ана мен әкенің жұбанышы 
Қарындасым тірегім 
Тілегім бар бір ғана 
Шығып алда, білімнің биік шыңына 
Сол биіктен түспе, сен ғана 
Әкенің тәрбиесін көр 
Ананың ақылына көн 
Ғажайып қарақат көздері 
Мөлдіресін тек нұрлы сезім 

Бағдат апайыма 
Ақыл сүйгіш, жылы көңіл, жарқын мінез 
Ұстаз деген - анасы ол адамның 
Мені алғаш білімге жетеледің 
Енді ғой, еңбегіңді өтеремің 

Менің бағым, өрге қарай өрлесе 
Ол да, ұстазым үшін бір қуаныш 
Үлкендерді сыйлауды, құңды кітап жинауды 
Ұсындыңыз қол үшін, бұда маған жұбаныш 

Жақсы істерді құп алдым 
Жаманнан жирендім 
Енді міне, ер жетіп, артты санам 
Әрқашан қасиетті атың маған. 

Сендей адам жалғыз
Мінезі жұмсақ, жүрегі мейірбан, аққұба 
Ғашық болдым мен сол бір қызға 
Өзіңе деп, жазған өлеңімді, 
Қабыл алғай «ұнамайды» - деп, қайтарма 
Сендей адам жалғыз, бұл өмірде 
Сезем, екеуміз қайта жолығармыз, 
Мінерге көлік, ұшарға қанат жоқ менде 
Сүйемін сені жаным әлі де. 
Қалдырып бәрін, менімен бірге 
Мерзімін толмай, кетермедің?! 
Қобалжып тұрмын, бір түрлі 
Тауып әкелші қалдырған күлкімді. 

Азиада алауы
Азиада алауы, 
Аралады аймақты. 
Қуанышпен, қонақжаймен, 
Қарсы алыпты бар қазақты, 
Ақ Азиада алауы 
Астанада шырағы жағылды 
Алаугерлер қолға ұстап, 
Қуандырды кәрі – жас, баланы 
Маңдай термен, еңбекпен 
Біздің спортшылар 
32 алтын медальды, 
Қазақстанда қалдыртты. 
Елімнің қос қаласы 
Астана – Алматы даласы
Барлық Азия үшін 
Рекордтардың қаласы.

Журнал "Жасstar", № 1 (39) 2014 2014 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум