Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Будущее за профессионалами

Колледжіміздің басым бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру

Қоғамдағы барлық салалардың жаппай ақпараттандыру үрдісі, сапалы білім алуға және білімнің қол жетімділігінің деңгейін арттыру мақсатында білім беру саласының да ақпараттандыруына өзінің ықпалын тигізіп жатқаны сөзсіз. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың маңызы орасан зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту бағыттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандарды даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру үдерістерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін жаңғыртудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген. Және оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттілікеріне тез бейімделуіне ықпал ететін жаңа оқыту технологияларын, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру оқытушылардан өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Е-learning» электронды оқыту жүйесін енгізу арқылы білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең озық білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.
Президентіміздің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасында: «Болашақтағы білім – бұл аралас білім, яғни білім беру процесіне күндізгі және желілік оқу нысандарының тартылу дәрежесінің әртүрлі симбиозы. Қазіргі уақытта әлемде аралас (дәстүрлі және электрондық) оқыту тәжірибеге енгізілген. Болашақта аралас оқу нысаны білім беруде басымдыққа ие болмақ» – делінген. Білім беру саласында ақпараттық және коммуникациялық технологияны дамытудың барлық жаңа үдерістерді есепке алу және оларды білім беру барысында пайдалану елдегі білім беруді жаңа деңгейге шығаруға көмектеседі.
Осы бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде колледжімізде толағай істер атқарылып жатыр. Қазіргі таңда колледжіміздің компьютерлік техника паркі – 229 жетті (стационарлы дербес компьютерлер, ноутбуктар, ультрабуктар, моноблоктар). Қазіргі таңда бір компьютерге 5 оқушыдан келеді (республика деңгейінде бір компьютерге орташа есеппен 12 оқушыдан келіп тұр). Интерактивті жабдықтың (проектор және тақта) саны – 19 жетті (колледждің интерактивті жабдықпен қамтамасыз етілу көрсеткіші – 52%). 2 мультимедиалық подиум оқу процесінде қолданылуда. 10 Мбит/с жылдамдықты кең жолақты Интернет желісіне қол жеткізу қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, on-line режимінде мәжіліс, сабақ өткізуге мүмкіндік беретін мәжіліс залы, лингафон кабинеті, электронды ресурстық кітапхана бар. 161 компьютерлік техника оқу процесінде қолданылуда.. 56 сыртқы және ішкі бейнебақылау камералары орнатылған. Колледждің баспа материалдарын басып шығару мақсатымен типографияға қажетті барлық қондырғылармен жабдықталған арнайы мини-типография жұмыс істеуде. Биылғы жылы тағы бір мультимедиалық-лингофондық кабинетті, бейне-қабырғаларды, ақпараттық киоскты, on-line сабақтарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін арнайы жабдықтарды және тағыда басқа жоғары технологиялы жабдықтарды алу жоспарлануда.
Колледждегі ақпараттық-коммуникациялық техниканы басқару және оларды оқу барысында қолдануға арналған арнайы ақпараттық-коммуникациялық жүйелер жұмыс істеуде, соның ішінде, «E-learning» электрондық оқыту жүйесі, электронды ресурстық кітапхананың жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған – «Кітапхана ісі» бағдарламасы; оқушылардың білімін тексеруге арналған тестілеу бағдарламасы; оқу барысын бақылауға мүмкіндік беретін және дәрісханаларды бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік беретін «Оқу процесін бақылау жүйесі»; сабақтарды, конференцияларды, вебинарларды on-line режимде республиканың кез-келген оқу орынымен біріктіре өткізуге мүмкіндік беретін – «Adobe Connect» жүйесі. Осы бағдарламалық өнімдер арқылы колледж оқытушылары мен оқушылары, заман талаптарына сай, озық, жоғары сапалы білім беруге және алуға, орталықтандырылған медиатекаға, әлемдік және отандық сандық оқулықтар мен контентке, электрондық ғаламтор қорларына қол жеткізуге, білім сапасын жоғары деңгейде тексеруге, басқа оқу орындарымен on-line режимдегі дәрістерді, конференцияларды, вебинарларды өткізуге мүмкіндік алып отыр. Ақмола облыстық білім желісінің шеңберінде колледждің интернет-қоры (сайты) жұмыс істеуде. Колледж түлектерімен байланысты үзбеу мақсатында әлеуметтік желіде арнайы паблик ашылды.
Колледжіміздің заманауи талаптарға сай жабдықталған барлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, колледж оқытушыларына жоғары деңгейдегі, заманға сай инновациялық тұрғыдағы білім беруге, ал оқушыларға сапалы, жан-жақты білім алуға, барлығының бірдей заманауи электрондық білім қорларына қол жеткізуге мүмкіндік беруде.
Қорыта айтқанда, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды білім беруде қолдану білім беру технологияларының жаңа инновациялық буынының пайда болуына септігін тигізуде. Бұл білім беру сапасын едәуір жоғарылатуға, тәрбиелік үдерістің жаңа құралдарын қолдануға, оқытушылар мен оқушылар арасындағы байланысты тиімді етуге мүмкіндік беруде.
Алдағы мақсат, қолымызда бар ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін жаңа форматтағы білім беру үшін толық қанды барлық мүмкіндіктерін қолдану және заман талаптарына, ақпараттандыру, технологияландыру үдерісіне сай жаңа заманауи технологиялармен жабдықтауды жалғастыру.
Салтанат Сейпиева,
информатика бөлімінің меңгерушісі

Журнал "Жасstar", № 2 (44) 2015 2015 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум