Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

Болашақ – бүгіннен басталады

«Тәрбие – тал бесіктен басталады» - демекші, қай заманда болсын ұрпақ тәрбиесінің орны ерекше екендігі хақ.
Тарихқа көз жүгіртсек, сонау IX-X ғасырларда өмір сүрген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне опат әкеледі» – деп, тегіннен-тегін айтпаса керек. Ойлап қарасаңыз, расымен де, кез-келген жеткіншекке тек білім ғана үйретіп, тәрбиесіне көңіл бөлмесек, ол ертең сол алған білімін теріс жолға қолданып, бүкіл адамзатқа қауіп тудыруы мүмкін. Сондықтан да, адам өміріндегі бала тәрбиесінің орны айрықша.
Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ұлт болашағы десек, сол ұлт болашағының негізін қалайтын және оны ары қарай дамытып, саналы әрі тәрбиелі адам ретінде қалыптастыратын негізгі құрал ол – мектеп. Сондықтан да, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2011 жылы көреген шешім қабылдап, Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының негізін қалаған болатын.
«Жас Ұлан» ұйымының мақсаты: жас ұрпақ бойында патриоттық сезім қалыптастырып, Отанымыздың тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылады. Осы орайда, бүгін де еліміздің барлық мектептерінде «Жас Ұлан» ұйымы бойынша көптеген жұмыстар жасалып келеді.
«Жас Ұлан» ұйымымен бірге қарқынды жұмыс істеп, еліміздің болашағын қалыптастыруда өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ұйымдардың бірі, әрі бірегейі – «Жұлдыз» ұйымы.
Жалпы, «Жас Ұлан» ұйымы болсын, «Жұлдыз» ұйымы болсын жас ұрпақтың уақытын тиімді пайдаланып, ой-өрістерінің дамуына, дүниетанымының кеңеюіне бірден-бір ықпал ететін ұйымдар десек артық айтпағанымыз болар. Мұнда балалар бір-бірімен емін-еркін қарым-қатынас жасап, тіліне, дініне қарамастан достасып, тәжірбие алмасып, аз ғана уақыттың ішінде етене араласып жатады.
Біздің мектепте «Жас Ұлан» және «Жұлдыз» ұйымдарының бағыттары бойынша көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады. Белсенді оқушылардың саны да жылдан-жылға артып келеді.
Биылғы оқу жылы басталғаннан бері мектебімізде әр апта сайын акциялар мен әр түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп келеді. Мысалға алатын болсақ, дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты мектепішілік байқау, қарттар күнінен орай «Мейірімі – мол жандар» акциясы, ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты – биік әрі, мәңгілік» мерекелік концерті, тұңғыш Президент күніне арналған «Еркін елдің ерекше ұландары» атты «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі сияқты көптеген іс-шараларды айтуымызға болады. Сонымен қатар, биылғы оқу жылының өзінде-ақ біздің белсенді оқушыларымыз бірнеше рет облыстық, республикалық, халықаралық саммиттер мен слеттарға, форумдарға қатысып жүлделі оралды. Атап айтсақ, «Жұлдыз» ұйымының ұйымдастырумен өткен «Біз – Нұрлы жол ұрпағымыз» атты облыстық жастар форумында «Ерекше еңбегі үшін» дипломмен және бағалы сыйлықпен марпатталсақ, «Біз – Қазақстан балалары. Бізге жаңа әлемде өмір сүру керек» атты облыстық жастар слетында I орынға ие болдық. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған «Есте сақтаймыз! Оқимыз! Мақтанамыз!» атты халықаралық форумда жүлделі II орынға ие болдық. Осы сияқты ауыз толтырып айтатын жетістіктеріміз жетерлік.
Мұндай жетістіктеріміздің барлығы әрине, ең бірінші, «Жас Ұлан» және «Жұлдыз» сияқты ұйымдардың ұйымдастырумен болған іс-шаралардың нәтижесі болса, екіншіден мектебіміздің тәрбие ісіне баса назар аударып, үнемі қаржылай көмек көрсетіп отыратын мектеп директоры – Коккузов Серік Боранбайұлының, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Марта Мүтәліпқызының, сонымен қатар аудандық жасөспірімдер шығармашылық үйінің директоры Альжанова Дамтежан Камитқызының арқасында қол жеткізген жетістіктер екенін атап өткім келеді.
Бүгін біз саналы да тәрбиелі ұрпақ қалыптастырсақ, еліміздің ертеңіне сеніммен қарап, болашағымыздың жарқын болатынына көз жетіземіз. Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесінде аянбай еңбек ету әр Қазақстандықтың парызы!
Гүлдана Догдорхан,
Ақмола облысы, Есіл ауданы, 
Есіл қаласының № 3 орта мектебінің тәлімгері

Журнал "Жасstar", №3-4 (45-46) 2015 2015 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум