Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Туған жер

«АТАМЕКЕН» БАҒДАРЛАМАСЫ (жалғасы)

Мухамедрахим Курсабаев,

автор программы «Атамекен»,

председатель Республиканской

детско-молодежной организации

«Атамекен»

АЛЫСТАҒЫ БАУЫРЛАР

Шетелдердегі қазақ диаспоралары. Миграция, эммиграция, демография, депортация, этноцид, геноцид, резервация мәселелері. Халықтық дипломатия, Дүниежүзі қазақтарының Қурылтайы. «Алыстағы бауырлар» іс-шарасы.

ДОСТЫҚ

Қазақ-түркі тарихнамасы һақында зерттеулер жүргізген араб, парсы, қытай, орыс һә м европалық ғылымдардың ғұ мырнамасы. Қазақстан халықтары және ТМД мемлекеттеріндегі әтностар арасындағы достық байланыс. Бейбітшілік үшін күрес. Бірлікті, татулықты һә м ынтымақтастықты көксеуге бағытталған іс-шаралар. Халықтар достығын нығайту.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. «Достық» ісшарасы.

АРДАГЕР

Ежелгі дәуірден жаңа заман тарихына дейінгі ұлтазаттық соғыстарға: грек, қытай, рим, парсы, орыс, моңғ ол, ойрат, қалмақ, шүршіт, таңғұ т, араб, өзбек, түрікпен, казачество, неміс, француз, фашистер мем ваххабистерге карсы соғысқан ардагер ата-бабаларымыздың ғұ мырнамасы. Отаршылыққа қарсы және І9І2, 1916, 1932, 1941, 1979 және 1986 жылғы оқиғаларға қатысқан ардагерлер мен қаһармандар.

«Ардагер» іс-шарасы.

ОЮ-ӨРНЕК – ЭТНОУЗОРЫ

Ұлттық таным мұхитының қайшылық қағидасымен ұштасқан ою-өрнектің ғарыштық, зооморфтық, геометриялық, ихтиологиялық, танымдықфәлсафалық түрлерімен танысу. Ою-өрнектің киізде, текеметте, алашада, кілемде, көрпеде орналасу көріністері. Көрмелер ұйымдастыру. «Ою-өрнек» ісшарасы.

БЕЙНЕЛЕР СЫРЫ

Тылсым дүниемен байланысқан көне: руналық, мифологиялық, тотемдік, геральдикалық, петроглифтік, иероглифтік таңбалар мен кескіндер сыры. Еліміздегі киелі жерлер: Арпаөзендегі, Тамғалыдағы, Тәң ірқазғандағы, Ботайдағы, Берелдегі, Бесшатырдағы, Таскескендегі үң гір бейнелері мен сызба-шимайлары. «Ескінің көзі» атты этножорық.

АТА-АНА

Ұлттық таным һә м тәлімнің қайнар бастауы ата-бабаларымыздың ұрпақ тәрбиесі жөніндегі мыңғ асырлық тәжірибелері мен рухани-мәдени мұралары. Туыс, ағайын, отбасы, әке-шеше, бауырқарындас, балдыз-бажа дәстүрлері һә м жұрт салттары.

Ата салты һә м ана шапағаты. «Ата-ана» іс-шарасы.

ШАРИҒАТ-ҚҰ РАН

Мыңдаған ғасырлар бойы адамзат перзентіне Аллаһ тағаланың шапағат-нұрын шашып келген қасиетті Құ ран шариғаттарының тәлімдіктанымдық әфсаналары. Мұсылман пайғамбарлары мен ғұ ламаларының ғұ мырнамасы. Діни-танымдық һә м мұсылмандық дәстүрлер. Киелі Рухтар әлемі. Ораза, рамазан айы, Қыдыр түні, садақа беру рәсімдері. Сенім мен парыз. Қажылық фәлсафасы һә м намаз тағылымы. «Мұсылман әлемі» іс-шарасы.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҺӘ М СӘБИ

Қатал тағдырдың мәң гілік құрбандары: мүгедек, кемтар, зағип жандарға, қарттар мен жетім балаларға қол ұшын беру. Қолдан келгенше жақсылық жасау. Балалар мен қарттар үйіне сапар шегу. Бүкілқазақстандық «Қайырымдылық» және «Ауыл» операциясын ұйымдастыру .

САУДА-ЭКОНОМИКА

Тәуелсіз қазақ елінің мәдениетін өркендетуде жаңа инфоқұрылымдық жүйеге негізделген менеджмент, маркетинг, аудиторлық және қаржы-банк мамандықтарын игеру мәселесі. Әлемдік һә м еуроазиялық экономикалық кеңістік пен интеграция. Жалпыадамзаттық экономикалық даму Стратегиясы. Интернет жүйесін пайдалану. Ауыл экономикасының даму стратегиясы. «Сауда» іс-шарасы.

ҒҰ МЫР ҺӘ М ҒАЛАМ

Аспаннама һә м жаратылыстану негіздері. Планеталар һә м жұлдыздар шеруі. Уақыт пен кеңістік. Адамтану әфсаналары. Нүктелер, толқындар һә м ғарыш денелері. Қатты, сұйық, ыстық-суық құбылыстар фәлсафасы. Ғылыми-зерттеу жұмыстары.

АНА ТІЛІ

Көне түркі, соғды, сақ-гұн һә м Орхон-Енисей руналық жазбалары. Есік және Пазырық қорғандарындағы протоэтнолингвистикалық мұралар. Тоныкөк, Мойыншор, Күлтеген тас-сына жазба ескерткіштері. Көне түркі иеороглифтері. «Ұмай Ана» іс-шарасы.

ТҰРАН КҮНТІЗБЕГІ

Халықтық астрология. Көне болжамгер даналар, жұлдызшылар мен көріпкелдер. Жыл қайыр әфсаналары. Мүшел жас кағидасы. Ай, апта, сағат һә м өлшем қағидалары. Сарыарқадағы «Мұртты обалар»

– Ұлы Дала обсерваториясы. Этножұлдыз жорамал. Тұран этноастралогиялық картасының сүлбесін жасау. «Тұран күнтізбегі» іс-шаралары.

ЖАҚСЫЛЫҚ ҺӘ М ЖАМАНДЫҚ

Ұлы Жаратылыстың қайшылық нысандарынан жасанды-табиғи тұрғыда реттелген болмыс һә м болмас ұғ ымдары. Антропогендік кезеңдер мен тәжірибелер жиегінде қалыптасып келген адамзат перзентінің қарама-қайшылық: жақсы – жаман, мейірімділік –қатығез, парасатты – қанішер, ақылды – ақымақ және басқа әрекеттерінің әфсаналары. Салыстырмалы зерделеу һә м пайымдау. Адамтану негіздері.

ЖАС ҚЫРАН

Еуразия даласын мыңдаған ғасырлар мекендеген көпшенді – номадтардың ұрыс-соғысы һә м ел қорғау дәстүрлері. Ата-бабаларымыздың әскери өнері. Әскери тактика һә м стратегия. Ұлттық әскери Доктрина. Әскери-жауынгерлік тәртіп, білім һә м тәрбие негіздері. Соғыснама саясатының шежіресі. Мыңбасы, түменбасы, жүзбасы һә м елубасы, онбасы әскери саптары мен жауынгерлік дәстүрлері. «Мың бала» әскери жауынгерлік ойын-сайысы.

ӘЛЕМ ДІҢДЕРІ ТАРИХНАМАСЫ

Дүниежүзі адамзат перзенттерінің ең асыл рухани-мәдени мұралары ұлы діндер: ислам, христиан, будда және басқа діни конфессиялар мен қауымдастықтардың тарихнамасы. Ұлы діндердің көсемдері, данышпан-пайғамбарлары һә м ғұ малары және олардың фәлсафалық-теологиялық, діни-гносеологиялық әфсаналары. Ұлы діндер ықпалы, тәрбиесі, мәдениет және қоғамдағы рөлі. «Ұлы діндер тарихнамасы» атты оқулық жазу, тұжырымдамалар түзеу.

АТАМЕКЕН ҚОҒАМЫ ҺӘ М МЕДРЕСЕСІ

Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар ұйымын құру. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бірлестік-топтар құру. Тәрбие жұмысының орталығы «Атамекен ордасын» ашу. «Атамекен» Бағдарламасын балалар, оқушылар және жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстарына пайдаланудың жолдарын көрсету. Аса дарынды оқушылардың басын біріктіріп арнайы оқу орны – Атамекен медресесін ашу. Арнайы оқулықтар жазу. Қазақстан оқушылар Ассамблеясын құру. Республикалық «Жұлдыз», «Балдәурен» мектеп оқушылары лидерлерін дайындайтын оқусауықтыру кешені. «Болашақ», «Жұ лдыз», «Мың бала» оқушылар ұйымдары. «Менің елім – Қазақстан» ойынсайысын өткізу. Барша ұрпаққа ортақ Ант беру рәсімі.

ТӘҢ ІР-НАМА

Ата-бабаларымыздың тарихында аса маңызды дінифәлсафалық, рухани-мәдени рөл атқарған исламға дейінгі дәуірде қалыптасқан Тәң ірлік діннің адамгершілік әфсаналары. Тәң ір дінінен қалған отпен аластау, әруақка сыйыну, ала жіпті аттамау және басқа діни дәстүрлер. Тәң ір мен Ислам дінінің ұқсасқан тұстары. Хан Тәң ірі шыңына тәу ету рәсімі. «Хан Тәң ірі» іс-шарасы.

ҚАЗАҚ ЕЛІ

Тәуелсіз қазақ елінің жаңа геосаясаты һә м менталитеті. Мемлекеттік һә м ұлттық идеология және генофонд. Әлемдіқ макроэкономикалық кеңістікке ену барысындағы жаңа Қазақстан келбеті. Президент Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Стратегиялық идеясы. Ата Заң һә м ҚР Заңдары, Президент Жарлықтары мен Үкімет Қаулылары. Қазақтану мәселелері. Дипломатиялық қарым-қатынас. Халық һә м Ауыл Академиясы. Қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар. Саясаттану һә м әлеуметтану негіздері. Орыс һә м қытай саясаттары және оларды зерттеу. Ұлттық ғарыш агенттігі. Ұлттық қауіпсіздік, ішкі және сырткы саясат. Жастар мәселесі. Сайлау заңы.

ТҰРАН ҺӘ М ТҮРКІСТАН

Ата тегі, тарихы мен мәдениеті бір түркітілдес этностардың бүгінгі тағдыры һә м болашағы. Әлемдегі отызға жуық түркітектес халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастық. Түркі даналары және олардың ғұ мырнамасы. Ұлы Тұран империясының тарихы мен мәдениеті. Тарихи оқиғалар күнтізбегі. Түркі халықтарының әдебиеті, өнері, медицинасы, тәлім-тәрбиесі һақында оқулықтар шығару. Көне түркі руналық жазбаларды қастерлеу. «Тұран әлемі» атты ауқымды іс-шаралар.

НЕОПЕДАГОГИКА ҺӘ М НЕОПСИХОЛОГИЯ

Әлемдік жаһандану үрдісіндегі жаңаша білімтану проблемалары. Техногенез дәуіріндегі жас ұрпақтың (хомоэлектроникус, постхомо, хомоинформатикус, хомотехникус т.б.) танымдық-интеллектуалдық ерекшеліктері. Жаңа дәуір талабына сай неопедагогикалық һә м неопсихологиялық қағидаларды зерделеу.

Журнал "Жасstar", №3 (17), июль-сентябрь 2008 г.


[ Вернуться к содержанию ]

«АТАМЕКЕН» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОЙ-ПІКІРЛЕР

«Атамекен – 1990 жылдардың басындағы қазақ педагогика тарихындағы сенсация...»  (Н.Қ. Сарыбеков, п.ғ.д., профессор) «...Мектеп, мектептен тыс мекемелер, балабақшалар мен арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында ескі педагогикалық тәжірибелердің орнына жаңаша, ұлттық тәлім-тәрбиенің қағидаларына негізделіп жазылған «Қазақтың салт-дәстүрлері» (С. Қалиев, М. Смайылова, М. Оразаев), «Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы» (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев), «Атамекен» (М. Құ рсабаев), «Кәусар бұлақ» (З. Ахметова), «Балбөбек» (Б. Баймұратова, М. Сәтімбекова) және басқа да көптеген ғылыми-тәлімдік бағдарламалар басылып шығып, оқу-тәрбие жұмыстарына енгізіле бастады» (С.Қ. Қалиев, п.ғ.д., профессор).

«...Халықтық педагогика – ұлттық тәлімтәрбиенің негізі. Ұлттық тәлім-тәрбие қазақ халқында ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және о дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұ рыптар мен салт-дәстүрлері негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер және қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылған. Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана мен ұлттық намысын тудыру, дамыту және қалыптастыру. М-Р. Құ рсағидың «Атамекен» бағдарламасы осы мақсатты жүзеге асыратын бірден-бір ғылыми-тәлімдік және рухани-танымдық этнокешенді жүйе болып табылады...» (Қ. Бөлеев, п.ғ.д., профессор)

«…Авторская программа «Атамекен» (М. Курсабаев), в отличие от названных выше программ, рассчитана на организацию внеклассной и внешкольной воспитательной работы с 1 по 11 класс и состоит из 30 направлений. Цель программы – воспитание детей на прогрессивных традициях народа, ознакомление с его духовной культурой. Программа широко распространилась по республике, нашла единомышленников в лице педагогов и педагогических коллективов республики...» (К.Ж. Кожахметова, д.п.н., профессор).

«...Осының барлығы қазіргі таңдағы білім мен тәрбие бастауларының негізі болып табылатын халықтық педагогика мұраларын насихаттауға бағытталған «Атамекен», «Кәусар бұлақ», «Елім-ай» атты альтернативті бағдарламаларда айтылған. Аталмыш бағдарламалар жеке тұлғаның адами-құндылық бағыттамасының, парасаттылық, эстетикалық және танымдық қасиеттерінің кеңінен ашылуына, оқушының қоғамға пайдалы қызмет етуіне заман талабына сай мүмкіндік беретін жол ашпақ...» (С.К. Мұхамбетова, п.ғ.к., доцент)

«...Республика пионерлерi iс-әрекетi бағдарламасының өзектi компонентi – Атамекен операциясы. Бұл – балалар мен үлкендердiң творчестволық iздену-этнографиялық жұмысы. Осы мақсатқа сәйкес iздену-этнографиялық, экологиялық штабтар, ұлттық-мәдени орталықтары құрылады...» (Ж. Қоянбаев, п.ғ.к., профессор)

«...Республика көлемiндегi мектептердiң тәжiрибесiне жасаған талдау қазақ халқының салт-дәстүрi, әдет-ғұ рпы, ауызекi-поэтикалық шығармашылығы, ән-күй, сәндiк-қолданбалы өнер туындылары, тәлiм-тәрбиелiк идеялары, көзқарастары, әдiс-тәсiлдерi негiзiнен тәрбие жұмысында «Атамекен» бағдарламасының басты бағыттары негiзiнде жүзеге асырылатынын көрсетедi...» (Р.Қ. Дүйсембінова, п.ғ.д., доцент)

«...Атамекен – мемлекеттік, ұлттық деңгейге көтерілуге тұратын, мемлекет тарапынан арнайы қамқорлыққа алынатын ауқымды дүние. Өйткені Атамекеннің әрбір саласына көптеген кітаптар, оқулықтар жазылуға тиіс, ұзақ жылдарға арналған кең тынысты бағдарлама...» (З. Ахметова, жазушы)

Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігі

480091, Алматы, Республика алаңы 4, Телефон: 69-53-80, Факс: 63-57-27 № 03-517 3 наурыз 1998 жыл Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Аймақтық даму мәселелері және өзін-өзі басқару жөніндегі комитетінің Төрағасы Ө. ОЗҒАНБАЕВҚА. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты.

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМ. № 329, 4 наурыз 1998 жыл Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі өзіңізге жолдаған бұрынғы Торғай облыстық «Атамекен» қозғалысының төрайымы Қ. Өскенбаеваның хатымен мұқият танысты. Бүгінгі күні «Атамекен» бағдарламасы білім мекемелерінде кеңінен насихатталып, оқу-тәрбие процесінде халықтық педагогика идеяларын ендіру ісінде негізгі тұтқалардың бірі болып отыр. Бағдарлама авторы М. Құрсабаев республикамыздың педагогикалық қауымымен жиі жүздесіп отырады (Вице-министр Е.М. Арын).

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум